Құзырет орталығының жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2025 жылдың 28 наурызында балабақшамыз аясында «Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда заманауи денсаулық сақтау технологияларын қолдану» тақырыбында аудандық семинар өтті. Аудандағы мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарының педагогтары денсаулық сақтау технологияларын (артерапия, су-джок терапиясы, құм терапиясы, асықтерапия, кинезиологиялық жаттығулар, тепе-теңдік тақтасы) қолдану бойынша шеберлік сабақтарына үлкен қызығушылықпен қатысты. Дене шынықтыру пәнінің нұсқаушысы Қуандықов А.С. «Көңілді қадамдар» степ платформалары арқылы «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған іс-шарасын өткізді. Тәрбиеші Сергазина А.Т. ригалық шыңдау әдісімен шыңдау шарасын өткізді. Семинарға қатысушылар мұндай іс-шаралар тек жұмыс тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, педаготардің кәсіби шеберлігін арттыруда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.