«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Балапан бөбекжай бақшасы» МКҚК
Ресми интернет-ресурс

Өрт сөндіру қызметілері – бүлдіршіндерге қонаққа келді!

Бүгін біздің балабақшаға ерекше қонақтар – өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келді! Бүлдіршіндер үлкен қызығушылықпен өрт сөндіру техникасымен танысып, өрт болған жағдайда өзін қалай қауіпсіз ұстау керектігін білді. Балалар өрт сөндіру көлігіне отырып, өздерін нағыз өрт сөндіруші сезіне алды.
Балабақша тәрбиешілері балалар үшін қызықты ойын-сауық пен «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды, бұл бүлдіршіндерге көп қуаныш пен шабыт сыйлады. Мұндай кездесулер балаларға өрт қауіпсіздігінің маңызын жақсы түсінуге көмектесіп, жауапкершілік пен қырағылықты қалыптастырады.
Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне қызықты және танымдық шара үшін алғысымызды білдіреміз! Бірлескен күш-жігерімізбен балабақшамыз бен үйлерімізді бүлдіршіндер үшін қауіпсіз ете аламыз.