Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
1 маусым - Балаларды Қорғау күні - Бақытты балалық шақ мерекесі. Балалар жаздың басталуын асыға күтеді. Бұл күні балабақшамызда "Жарқын жаз - сәулелермен жылытады" атты көңілді және әсерлі ойын сауық өтті. Балаларымыз ән айтып, би билеп, түрлі сайыстар мен ойындар ойнады.