Конкурс жариялайды

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Аққайың ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Балапан бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 150300, Қазақстан Республикасы, Солтүстік-Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново селосы, Амангелді көшесі, 90 (білім беру ұйымының орналасқан жері)

Телефон 8(71532)-2-22-31, e-mail  balapan.12@bk.ru 

Конкурс жариялайды

мемлекеттік тілде оқытатын топқа уақытша бос тәрбиеші лауазымына орналасуға (мөлшер) декреттік демалыс кезеңіне.

Негізгі функционалдық міндеттері: балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;

балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;

мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;

мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;

мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;

отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;

мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;

педагогикалық этиканың нормалары;

психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитариялық ережелер;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар;

еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Еңбекақы мөлшері 114844 – 183821

Біліктілік талаптары: "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалардың 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалардың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Тізбеде көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Әңгімелесу өткізілетін орын: Солтүстік-Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Амангелді көшесі, 90.

Кандидаттардың құжаттарын қарау: Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.

20.07.2022
Қаралым саны: 31
coronavirusПремьер Электронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области